Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рэпер Кисло-Сладкий Тайландта жоғалып кетті

Кисло сладкий
Фото: Желідегі парақшасынан

Әлеуметтік желілерде танымал қазақстандық рэпер Дархан Жұмабектің ("Кисло-Сладкий") Тайландта жоғалып кеткені туралы хабарламалар пайда болды. Режиссер Парасат Ибраев ақпаратты растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Кисло-Сладкий" деген атпен белгілі рэпер Паттайяда соңғы рет жағажайда көрінген.

Сондай-ақ жағажайда түсірілген видеода рэпердің біртүрлі әрекетін байқауға болады.

Тайландта жұмыс істеуі керек болған режиссер Парасат Ибраевтың айтуынша, олар соңғы рет кешке сөйлескен.

"Ол бүгін түсірілімге Пхукетке ұшуы керек еді. Қазір полиция бөлімшесіне барамын, біз оны бейнебақылау камералары арқылы іздейміз. Ол Бангкоктан Пхукетке ұшуы керек еді. Біз әлі елшілікке хабарласқан жоқпыз", –  деді режиссер.

Оның айтуынша, рэпер досымен бірге саяхаттап жүрген. Пхукетте екі музыкалық бейнебаянның түсірілімі жоспарланған.

"Бұл промо емес. Мен оны шынымен таба алмай жатырмын. Барлығы маған хабарлама жазып жатыр, мен алаңдай бастадым. Біз бүгін түсірілімді бастауымыз керек еді", – деді Парасат Ибраев.

Оқиғаның басқа мәліметтері әлі жарияланған жоқ.

Еске салсақ, Алматыда рэпер Кисло-Сладкий клубтағы даулы видеодан кейін ұсталды.

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 21 Маусым, 2026 11:14