Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте су құбырын ауыстырамын деп екі бірдей жұмысшы қаза тапты

 
оооооо
Фото: Stan.kz

Өрімдей жігіттер көшедегі құдыққа түскен бойда шыға алмай тұншығып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпраттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға қалдағы көліктер ағылып, жүргіншілер тоқтаусыз жүріп жатқан Қапал батыр көшесінде болған. Тұрғындар  марқұмдардың қоқыс алдында жатқан жансыз денесін көрдік дейді.

“Ол жерде шұңқыр болатын. Жұмысшылар құбырларды қойып жатқан. Кейін прокурор мен өзге қызметкерлер келді. Халық көбейіп, екі адамның қайтыс болғанын айтты. Біреуі ғана аман қалған екен. Денелерін алып шықты ғой. Газға уланған дейді”, – деп жауап берді Шымкент қаласының тұрғыны.

Алдын ала болжам бойынша жұмысшылар құдық бетін ашқан бойда төменге түскен болуы мүмкін. Ал, онда ауа тар болған дейді полицейлер. Сөйтіп, су құбырын ауыстырамын деп барған үш жұмысшының біреуі ғана аман қалыпты.

"Құбыр төсеу жұмыстары кезінде жұмысшылардың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, жұмысшылар құдық ішінде ауа қалдығына уланған. Оқиғаның барлық мән-жайлары мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар анықталып жатыр", – деп жауап берді.

Еске сала кетейік, 2Gis қосымшасында Шымкенттегі “Алтын Мерос” мейрамханасына шағым түсіргендер мейрамханада 13 жастағы баланың көз жұмғаны туралы жазды. Қайғылы жағдай бірнеше ай бұрын болған. 

 

Ислам Әден
Бейсенбі, 08 Қазан, 2026 11:50