Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі екі баланың өлімі: Қайғылы жағдайдың алдын ала себебі айтылды

шымкент бала өлімі газ
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте екі баланың өмірін қиған қайғылы оқиғаның алдын ала себебі белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция балалардың газ иісінен уланып, қайтыс болғанын мәлімдеді. Осыған байланысты қызметіне салғырт қараған маманның ісі сотта қаралады.

Еске салайық, қайғылы жағдай қалалың қақ ортасындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінде болған. Пәтерден төрт жасар ұл бала мен 15 жастағы жасөспірімнің денесі табылды. Тағы бір әйел мен бала ауруханаға жеткізілген. Әйелдің жағдайы жақсы. Ал үш жасар сәби жансақтау бөлімінде жатыр.

Полиция департаменті екі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 22 Қазан, 2026 12:29