Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі көпқабатты үйде төрт адам қаза тапты: QazaqGaz Aimaq алдын ала себебін атады

Фото: Видеодан скрин

QazaqGaz Aimaq Тұран ауданындағы көпқабатты үй тұрғындарының қаза табуына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

3 наурызда бір подъездегі үш пәтерден төрт адамның мәйіті табылды. Қаза болғандардың барлығы – жас адамдар. Олардың арасында кәмелетке толмаған қыз да бар.

Апаттық бригаданың алдын ала мәліметінше, өлімге көміртек тотығынан (иіс газы) улану себеп болуы мүмкін. Мамандар түтін шығатын мұржада тартылыс болмағанын анықтаған. Бұған су жылытқыштың (газ су жылытқыш) өз бетінше орнатылуы әсер етуі ықтимал.


Шымкентте бүтін бір отбасы газдан уланып көз жұмды

Павлодар облысында екі адамның мәйіті табылды


Сонымен бірге пәтерлерде желдету арналары қарастырылмаған және газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша келісімшарттар жасалмағаны айтылды.

Қайғылы оқиғаның нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттегі көпқабатты үйдің үш бірдей пәтерінен тұрғындардың мәйіті табылғаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 05 Наурыз, 2026 16:25