Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бүтін бір отбасы газдан уланып көз жұмды

Шымкентте бүтін бір отбасы газдан уланып көз жұмдыФото: Gov.kz

Шымкентте Шығыс шағынауданындағы пәтерлердің бірінде бір отбасы газға уланып көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тұрғындардың сөзінше әжесі, қызы мен немересі газдан уланып қайтыс болған. Қайғылы жағдайды алдымен көршілер біліпті. Үшінші қабаттағы пәтерден төмендегі тұрғындарға күндізгі сағат 12:00 шамасында су тамшылай бастаған. Уақыт өткен сайын ағысы жиілеген соң жұрт шағымданып, марқұмдардың телефонына хабарласқан көрінеді. Алайда кешкі сағат 17:00 дейін ешкім жауап бермегендіктен, көршілер құтқарушыларды шақырған.

Төтенше жағдай қызметкерлері кіргенде 35 және 60 жас жамасында екі әйелдің мәйітін тапқан. Ал ваннада кәмелет жасына жетпеген бозбала жансыз күйде жатқан дейді. Болжам бойынша, ер бала шомылып жатып бақилық болған. Жуынатын бөлмеде ағызған суы сорғалаған күйінде қалған.

Тұрғындар отбасы бұл пәтерді 10 жылдан бері жалдап тұрғанын алға тартты. Осыдан кейін қайғылы жағдай болған шағынауданда газ қондырғыларына тексеріс күрт күшейген. 

“11:30-да төбеден су кетті. Ойбай6 неге су кетті деп хабарластық. Есік ашылмады. Баланың телефоны бар болатын. “Қайда жүрсіңдер, төбеден су кетіп жатыр” деп сол балаға қоңырау шалдық. Ешқандай қоңырауға жауап бермеді. Анасына да хабарластық, ол да жауап бермеді. Ашса, жаңағыдай жағдай болыпты ғой. Өкінішті жағдай, қорқынышты жағдай, әрине. Естуіміз бойынша газ дейді. Газдан уланған деп жатыр ғой. Нақты білмейміз”, – дейді тұрғын Оразгүл Айдарова.


2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға табиғи газдан улану салдарынан болған.

“8 ақпанда сағат 16:36-да 112 жедел қызметінің пультіне пәтер тұрғындарының ұзақ уақыт байланысқа шықпай, есік ашпай отырғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының бригадасы жіберілді. Есікті ашқаннан кейін құтқарушылар пәтерден үш адамның мәйітін тапты”, – деп мәлімдеді ТЖД.

Қазір тиісті қызметтер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде жеке тұрғын үйден әйел мен үш кәмелетке толмаған баланың денелері табылғаны хабарланған еді.


Шымкент қаласына арналған 2026 жылдың ораза кестесі жарияланды

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 10 Ақпан, 2026 10:36