Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан дүкендерінде Республика күніне орай 50%-ға дейін жеңілдік жарияланды

Жеңілдік
Фото: Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінен

Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және басқа өңірлерінде Республика күніне орай Republic Day және Bereke Fest атты ауқымды жеңілдіктер науқаны басталды. Кейбір тауарларға 10% – 50 % дейін жеңілдік ұсынылады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мерекелік жеңілдіктердің негізгі кезеңі 21-27 қазан аралығында өтеді. Осы күндері азық-түлік пен азық-түлікке жатпайтын тауарларды төмендетілген бағамен сатып алуға болады.

 

Науқанға ірі сауда орталықтары мен дүкендер желілері қатысады. Астанада жеңілдіктерді MEGA Silk Way және Хан Шатыр сауда орталықтарынан, Алматыда MEGA Alma-Ata, MEGA Park және Forum Almaty орталықтарынан табуға болады. Ал Шымкентте Mega Planet және Shymkent Plaza сауда орталықтары акцияға қосылады.

Bereke Fest аясындағы арнайы ұсыныстар Magnum, SMALL, Астықжан және GraMad дүкендерінде де қолжетімді болады.

Науқанды Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған. Оның мақсаты — халыққа қажетті тауарларды қолжетімді ету, ішкі сауданы қолдау және отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейту.

Жеңілдіктерге қатысатын сауда орталықтары мен дүкендердің толық тізімін жергілікті әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарынан білуге болады. Акциялар 27 қазанды қоса алғанға дейін жалғасады.

Айта кетсек, бұған дейін Құрылтайда үй маңындағы дүкендердің мәселесі көтерілгені туралы хабарлаған едік.

Айнура Дарибаева
Дүйсенбі, 19 Қазан, 2026 15:46