Freedom Банк жинақтаушы ипотека бағдарламасына жаңа құрылыс салушыларды тартты

Freedom Банк жинақтаушы ипотека бағдарламасы аясында бірқатар жаңа құрылыс салушылармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасты. Бұған дейін бұл өнім тек BI Group компаниясының тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға қолжетімді болатын. Енді клиенттер бірнеше девелопердің әртүрлі қалалардағы жобалары арасынан баспана таңдай алады. Бағдарламаға 10-нан астам құрылыс компаниялар тобы мен 60-тан астам тұрғын үй кешені кірді.
Бағдарламаға қосылған жаңа құрылыс компанияларының қатарында Sensata Group, AIVA GROUP, TUMAR GROUP, Meridian stroy ltd. және OKS Group бар. Олардың объектілері Freedom SuperApp-та рәсімдеуге қолжетімді. Жақын арада қосымшада келісімге қол қойылған басқа құрылысшылар да пайда болады: Akan Building, Inju, Monolit Group, Otau Group, Sat-Ns, SauletAlem, SN, Stroi Group, Арт Құрылыс және басқалары.Клиенттер өз қалауын, бюджетін, тұрғын үйдің орналасқан жерін, сыныбы мен жоспарлануын ескере отырып, баспана таңдауда бұдан да көп мүмкіндікке ие болуы үшін қалалар мен серіктес компаниялардың тізімі әрі де кеңейе береді.
Компаниялар мен тұрғын үй нысандарының толық тізімі Freedom SuperApp мобильді қосымшасындағы "Цифрлық ипотека" бөлімінің "Жинақтаушы ипотека" бөлімшесінде қолжетімді.
Жинақтаушы ипотеканың дәстүрлі ипотекадан айырмашылығы - оның екі кезеңнен тұратындығында. Бірінші кезеңде клиент бастапқы жарна ретінде 30% төлеп, тұрғын үйдің толық құнына қаржыландыру алады, жылжымайтын мүлікті таңдап, рәсімдейді, қарызды өтеуді бастайды және сонымен қатар депозитте тұрғын үй құнының 50%-ына дейін қаражат жинақтайды. Рәсімдеу кезінде таңдалған мерзім аяқталып, депозитте тұрғын үй сатып алынған құнның жартысы жинақталған кезде ипотека бойынша пайыздық мөлшерлеме төмендейді.
Бірінші кезеңде кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 10,5%-дан 14,5%-ға дейін (ЖТСМ — 11,01%-дан 15,49%-ға дейін) болады, ал екінші кезеңде жылдық 10%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ — 11,00%-дан 14,59%-ға дейін).
30% мөлшеріндегі бастапқы жарна Freedom Банктегі депозитке жылдық 7% мөлшерлемемен (ЖТСМ — 7,00%) орналастырылады. Депозит бойынша есептелетін сыйақы тұрғын үй құнының 50%-ын жинақтауға және кредиттеудің екінші кезеңіне тиімдірек пайыздық мөлшерлемемен ертерек өтуге мүмкіндік береді. Жинақтау мерзімі 96 ай болғанда бұл тиімділік барынша айқын көрінеді: клиентке пәтер құнының 30%-ын өз қаражатынан салу жеткілікті, ал қалған 20%-ы Банк депозит бойынша есептеген сыйақы есебінен қалыптасады.
Freedom Банктегі шотты басқа банктегі шоттан деректемелер бойынша, P2P-аударым арқылы немесе Банктің бөлімшесінде толықтыруға болатынын еске саламыз. Қаражаттың түсу мерзімі толықтыру тәсіліне байланысты 3 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
"Құрылыс салушы серіктестер қатарын кеңейту — жинақтаушы ипотеканы дамытудағы жаңа қадам. Біз бұл өнімге сұраныстың жоғары екенін көріп отырмыз және оны ірі қалалардағы ғана емес, өңірлердегі клиенттер де пайдалана алуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Банк клиентке қажетті соманы жинақтауға, содан кейін ипотеканы тиімдірек шарттармен алуға көмектеседі. Алдағы уақытта Қазақстанның түрлі қалаларында жаңа серіктестіктер орнатуды жоспарлап отырмыз", – деді Freedom Банк Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
- қарыз алушының жасы: өтінім беру кезінде 21 жастан 55 жасқа дейін, ал кредит мерзімі аяқталған кезде 70 жастан аспауы тиіс;
- қазіргі уақытта қарыздың ең төменгі сомасы — 6 000 000 теңге;
- қазіргі уақытта қарыздың ең жоғары сомасы — 100 000 000 теңге;
- клиенттің таңдауы бойынша өтеу кестесі: аннуитеттік немесе сараланған;
- валютасы: теңге;
- қарызды қарастырғаны үшін комиссия алынбайды;
- төлем қабілеттілігі скоринг жүйесі арқылы анықталады;
- мүлікті сақтандыру талап етілмейді;
- ішінара және мерзімінен бұрын өтеу айыппұлдар мен комиссияларсыз жүзеге асырылады.
Банк ипотеканы рәсімдеуге жауапкершілікпен қарауды ұсынады: кредиттеу шарттарын мұқият зерделеп, өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді объективті бағалап, ықтимал тәуекелдерді ескеру қажет. Міндеттемелерді уақтылы орындау өсімпұлдың есептелуіне және шартта көзделген өзге де салдардың туындауына жол бермейді.
ҚР ҚНРДА-ның 2026 жылғы 7 шілдедегі № 1.1.551.129 банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған әмбебап банк лицензиясы.
Жарнама құқығында
Жасөспірімнің қорқынышты суреттері көпшіліктің назарын аударды: Психолог ата-аналарға ескерту жасады