Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев төтенше жағдай қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

оооооо
Фото: Aqorda

Президент Қасым-Жомрат Тоқаев қызметтік борышын адал өтеп жүрген Төтенше жағдай қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құтқарушылар күніне орай Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстау рәсімін өткізді. Мемлекет басшысы құтқарушы мамандығы батылдықты, жанқиярлықты және қиын сәтте бірінші болып көмекке келуге дайын болуды білдіретінін атап өтті.

"Адам өмірін сақтау, адамдарды қатер мен қауіптен қорғау, қиындыққа тап болғандарға көмек қолын созу – осы асыл қасиеттер нағыз құтқарушылардың кәсіби болмысын айқындайды. Сондықтан халқымыз сіздерді бейбіт күннің батырлары деп атайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев пен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марат Күлдіков марапатталды.

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" ордені Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Данияр Анри мен Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы бөлімінің бастығы Алексей Цурканға берілді.

"Құрмет" орденімен Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының бас директоры Тимирлан Дзауров, Төтенше жағдайлар министрлігі департаменті директорының орынбасары Ерік Есмаханов және Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Елена Нарзиева марапатталды.

Ал "Ерлігі үшін" медаліне "Барыс" республикалық құтқару қызметінің бас құтқарушысы Дархан Байдекенов, Қызылорда қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұрсұлтан Жалғасов, Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушысы Дархан Рысбаев және "Бурундайавиа" әуе компаниясының әуе кемесінің командирі Александр Чеботкин ие болды.

Сонымен қатар "Ерен еңбегі үшін" медалі Қызылорда облысындағы "Оңталап" шаруа қожалығының директоры Әбдіхамит Аралбаев пен Абай облысындағы "Ағайынды" шаруа қожалығының директоры Жанат Ибрагимовке табысталды.

Еске сала кетейік, Сәтбаев қаласы Ұлытау көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар үй жануарын да өрттен аман алып қалды.

Ислам Әден
Дүйсенбі, 19 Қазан, 2026 14:59