Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәтбаевта құтқарушылар өрттен 14 адамды эвакуациялап, мысықты құтқарып қалды

өрт адам құтқарушы мысық
Фото: Видеодан скрин

Сәтбаев қаласы Ұлытау көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар үй жануарын да өрттен аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды үйден эвакуациялауға кірісті. 

“Өртті сөндіру барысында көршілес пәтерлерден 14 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Сонымен қатар құтқарушылар жанып жатқан пәтерден түтінге тұншыққан мысықты алып шықты. Жануардың тыныс алуы қиындағандықтан, оған құтқарушының тыныс алу аппаратының көмегімен алғашқы көмек көрсетілді”, – деп жазды Төтенше жағдай министрлігі. 

Өрт сөндірушілер жедел әрекет еткендіктен қызыл жалын қысқа мерзімде сөндірілді. Өртті сөндіруге "Серіктес" ЖШС қызметкерлері де қатысты.

Бұған дейін Алматыда қоймалар мен әкімшілік ғимарат өртенгені туралы жазған едік. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері әрқайсысы 40 тонналық контейнерлерден екі қабат етіп құрастырылған қойма жайларының өртеніп жатқанын анықтаған.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 19 Қазан, 2026 08:25