Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуан Мерей Базарбаев еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Мерей Базарбаев
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық балуан Мерей Базарбаев АҚШ-та өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз финалда түркиялық Бекир Кесерді жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Мерей Базарбаев финалға дейін де мықты қарсыластарынан басым түсті.

Ол алғашқы белдесуінде жастар арасындағы әлем чемпионы, америкалық Люк Лилледальді 3:1 есебімен ұтты. Кейін франциялық Расул Галбураевты 13:2 есебімен жеңіп, жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумэні 7:0 есебімен тізе бүктірді.

Еске салайық, бұған дейін 20 жастағы Тамерлан Тілеулес таеквондодан чемпион атанып, тарихтағы алғашқы алтынды жеңіп алғаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 19 Қазан, 2026 13:39