Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Шахта жұмысшы
Фото: pexels.com

Қайғылы оқиға 9 мамыр күні "Востокцветмет" ЖШС-нің Артемьев шахтасында болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Altainews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстары кезінде шаң желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

 KAZ Minerals компаниясы қаза тапқан қызметкердің туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты. Оның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Бұған дейін Абай облысындағы Орлов шахтасында апат болып, бір жұмысшы қаза тапқан еді. Тағы бір адам жарақат алды. Шахтаның иесі KAZ Minerals компаниясының мәліметінше, "Шығыстүстімет" ЖШС-нің Орлов шахтасында тау жынысының опырылуы салдарынан бір қызметкер қаза тапқан, тағы бір зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 10 Мамыр, 2026 08:33