Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошы халықаралық турнирде алтын жүлдеге ие болды

Жалғас Қайролла дзюдошы
Фото: ҰОК

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан халықаралық Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтіп жатыр. Жарысқа 39 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттыұ Олипиада комиетінің мәліметінше,  Жалғас Қайролла 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндемтурнир жеңімпазы атанды. Қазақстандық дзюдошы жарыс барысында Қырғызстан өкілі Ратбек Жұманазаров, тәжікстандық Бехруз Хожазода, молдовалық Виктор Стерпу және қазақстандық Досхан Жолжақсынов спортшыларын түрде жеңді.

Финалдық белдесуде Қайролла Молдова өкілі Петру Пеливаннан басым түсіп, Grand Slam сериясындағы турнирдің мансабындағы алғашқы алтын медалін иеленді.

 Спортшы бұл турнирге екі жылдан астам уақыт дайындалған. 

"Бүгін өз мүмкіндігімді жүз пайыз жүзеге асырдым деп ойлаймын. Жеңіс күнінде алынған бұл медальді бүкіл қазақ халқына арнаймын. Бұл халықаралық турнирдегі алғашқы медалім болғандықтан, эмоциямды сөзбен жеткізу қиын", – деді дзюдошы.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 10 Мамыр, 2026 07:19