Талғарда екі жасөспірім суға батып көз жұмды

Талғар ауданының Өстемір ауылы маңында орналасқан "Саз Талғар №2" су қоймасында екі оқушы суға батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы жағдай туралы хабарлама 8 мамыр күні 112 нөміріне келіп түскен. Ата-анасының қарауынсыз қалған екі кәмелетке толмаған жасөспірім демалысқа арналмаған аумақтағы су айдынының маңында болған. Сөйтіп абайсызда суға құлап кеткен.
Жалқамыс ауылының әкімі Нұрбол Еріқұлының айтуынша, 9-сынып оқушылары ауылдан шамамен бес шақырым жерде орналасқан “Саз Талғар” бөгетіне шомылуға барған.
"Бұл су қоймасында шомылуға тыйым салынған. Тіпті, балық аулауға да болмайды. Соған қарамастан, екі оқушы суға түскен", – деді әкім.
Қайғылы оқиға болған жағалау маңынан оқушылардың киімі, телефоны және велосипед табылды.
Оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар екі жасөспірімнің денесін судан алып шықты.
ОқыңызАлматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпті су аймақтарына бармауға шақырады.
Бұған дейін Ақтөбе облысында жасөспірімді құтқарамын деп жездесі де суға кеткен еді. Қос мәйітті құтқарушылар жағадан жеті метр қашықтан тапқан.
“Іздестіруге сүңгуірлер тартылды. Екі адамның мәйіті табылып, судан шығарылды. Шомылу маусымы аяқталуға жақын. Өзен суып кетті. Ал суық суда шомылу денсаулыққа, өмірге қауіпті”, – деді Ақтөбе облысы ТЖД басқармасының инженері Жаңабай Нұрдәулет.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?