Ақтөбе облысында жасөспірімді құтқарамын деп жездесі де суға кетті

Фото: freepik.com
Ақтөбе облысында жасөспірімді құтқармақ болған жездесі де суға батып кетті. Қос мәйітті құтқарушылар жағадан жеті метр қашықтан тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ ауылында болды. Бұл маңда Танаберген өзені ағып жатыр. 15 жастағы жасөспірімнің суға батып бара жатқанын жездесі аңғарып қалады. Құтқармақшы болғанда оны да ала кетеді. Сол жердің тереңдігі үш метрдей екен. Ауылдан өрт сөндіру бөлімі мамандары мен әкімдік қызметкерлері жеткен. Артынша сүңгуірлерді шақырып қос мәйітті тауып алды.
“Іздестіруге сүңгуірлер тартылды. Екі адамның мәйіті табылып, судан шығарылды. Шомылу маусымы аяқталуға жақын. Өзен суып кетті. Ал суық суда шомылу денсаулыққа, өмірге қауіпті”, – деді Ақтөбе облысы ТЖД басқармасының инженері Жаңабай Нұрдәулет.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген