Абай облысындағы шахтада апат болып, бір жұмысшы қаза тапты

Абай облысындағы Орлов шахтасында апат болып, бір жұмысшы қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шахтаның иесі KAZ Minerals компаниясының мәліметінше, "Шығыстүстімет" ЖШС-нің Орлов шахтасында тау жынысының опырылуы салдарынан бір қызметкер қаза тапқан, тағы бір зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
“Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Жан-жақты тергеу жүргізілуде”, – делінген компания хабарламасында.
ОқыңызКомпания қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Еске салсақ, 2026 жылдың наурыз айында ғана Абай облысындағы Kaz Minerals компаниясының тағы бір шахтасында жұмысшы қаза тапқан еді.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді