Қазақстанда педагогикалық университеттерге түскісі келетін талапкерлер қосымша емтихан тапсырады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек педагогикалық жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау тәртібі қалай өзгеретінін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Саясат Нұрбектің айтуынша, елдегі педагогикалық университеттерге оқуға түсу кезінде қосымша емтихан енгізіледі. Министр бұл шешім болашақ педагогтердің даярлық сапасын арттыру мақсатында қабылданғанын атап өтті.
"Қазір талапкерлер саны айтарлықтай артып отыр. Бізге ең алдымен сапа маңызды. Сондықтан ҰБТ-дан бөлек, университет деңгейінде екінші ауызша емтихан енгізіледі. Жоғары оқу орындары талапкердің қойылатын талаптарға шынымен сәйкес келіп-келмейтінін өздері бағалайды. Бұл – іріктеудің екінші кезеңі болады. Ал қабылдау осы кезеңнің қорытындысы бойынша жүзеге асырылады”, – деді Саясат Нұрбек.
Министр қазір емтиханның форматы әзірленіп жатқанын және қарастырылып отырған нұсқалардың бірі – әңгімелесу (сұхбат) форматында өткізу екенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстандағы кейбір жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау тәртібі өзгеретінін мәлімдеген еді. Министр жоғары оқу орындарының дарынды талапкерлерді өз бетінше іріктеу мүмкіндіктері шектеулі екенін атап өтті.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі далада қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?
Оқыңыз