Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда балалар Сайран көліне шомылған: ТЖД қала тұрғындарына ескерту жасады

Сайран балалар шомылды
Фото: Видеодан скриншот

Желіде Алматыдағы Сайран көлінде балалардың шомылып жүрген видеосы тарады. Оқиғаға байланысты Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видео Instagram желісіндегі almatinec_live парақшасында жарияланған.

“Сайранда балалар лас суға шомылып жүр”, – делінген жазбада.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, қалада шомылу маусымы әлі ресми түрде басталған жоқ. Сондай-ақ ведомство белгіленбеген және тыйым салынған орындарда суға түсу адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды. 

“Қалада шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталады. Шомылу маусымы кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су айдындарында инспекторлық құрам патруль жүргізеді. Сонымен қатар құтқару қызметі бөлімшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылады”, – деп хабарлады ведомство. 

Бұған қоса веомство қала тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, шомылуға тек арнайы жабдықталған орындарды таңдауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Еске салайық, былтыр 25 маусымда Сайран көлінде бір күн ішінде екі қайғылы оқиға болды. Бір күн ішінде көлге 17 жастағы жасөспірім мен 48 жастағы ер адам батып, көз жұмды. Кейін өлдің маңына "Суға түсуге тыйым салынады" деген ескерту белгілері бар металл қоршаулар орнатылды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 27 Сәуір, 2026 18:15