Алматыдағы Сайран көліне тағы бір адам батып кетті
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Алматыдағы Сайран көлінде тағы бір адам суға батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кешкі сағат 19:26 шамасында Сайран көлінен 1977 жылы туған ер адамның мәйіті шығарылды.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам суға шомылуға тыйым салынған жерде алкогольдік мас күйінде шомылып жүріп батып кеткен.
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Сайран көлінде барлық құрылыс, санитарлық жұмыстар толық аяқталып, нысан ресми түрде пайдалануға берілгенге дейін шомылуға қатаң тыйым салынатынын ескертеді.
Айта кетейік, бұл Сайран көлінде бір күн ішінде тіркелген екінші қайғылы оқиға. Бұған дейін 17 жастағы жасөспірімнің Сайран көліне батып кетіп, көз жұмғаны туралы жазған едік.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен