Сүйіктісіне жұмсаған әр тиынын жазып жүрген ер адам ақырында өзі қарыз болып шықты

Ажырасқаннан кейін кей адамдар ортақ суреттерін өшірумен ғана шектелмей, қарым-қатынас кезінде кімнің қанша қаражат жұмсағанын есептеуге кіріседі. Әлеуметтік желіде тараған осындай оқиға көпшіліктің қызу талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған нұсқа бойынша, Гродно қаласында тұратын Игорь есімді инженер алты жыл бойы сүйіктісі Аннаға жұмсаған барлық шығынын жасырын түрде дәптерге жазып жүрген. Оның ішінде гүл, сыйлық, кешкі ас пен пәтерақыға кеткен қаражат та болған.
Екеуі айырылысқаннан кейін ер адам бұрынғы сүйіктісіне 47 беттен тұратын құжат жіберіп, алты жыл ішінде жұмсаған 68 400 долларын қайтаруды талап еткен. Тіпті оған “эмоциялық ресурсты пайдаланғаны үшін” үстемақы да қосыпты.
Алайда Анна да қарап қалмаған. Ол 78 беттен тұратын жауап әзірлеп, өзінің қарым-қатынас кезінде жұмсаған шығындарын тізіп шыққан. Әйелдің есебі бойынша, ол баспана мен коммуналдық төлемдерге 26 400 доллар, азық-түлікке 14 200 доллар, жігіттің анасына көмектесуге 8 900 доллар, ортақ саяхаттарға 12 800 доллар және көлік жөндеуге 4 300 доллар жұмсаған. Жалпы сома 74 600 долларға жеткен.
Сонымен қатар Анна бұрынғы сүйіктісінің заңдық және қаржылық мәселелерін де шешуге көмектескенін көрсеткен. Ол Игорьдің визасын рәсімдеуге 340 сағат жұмсап, жеке кәсіп ашуына жәрдемдескен, екі жыл бойы бухгалтериясын жүргізген және бұрынғы жұмыс берушісінен қарызын өндіріп алуына көмектескен. Заңгердің ең төменгі сағаттық ақысы бойынша бұл еңбек тағы 12 300 долларға бағаланған.
ОқыңызАнна бұрынғы серігін қиын кезеңдерде қолдап, оның эмоционалдық жағдайына да көп күш жұмсағанын айтқан. Алайда мұндай қолдауды ақшамен өлшеу мүмкін емес екенін атап өткен.
Осылайша өзара есеп айырысқаннан кейін, керісінше, ер адамның бұрынғы сүйіктісіне қарыз болып қалғаны белгілі болды.
Желіде тараған жазбада психологтың да пікірі келтіріледі. Оның айтуынша, ер адамдар көбіне көзге көрінетін шығындарды – гүл, сыйлық, кешкі асты есептесе, әйелдер уақытын, эмоциялық қолдауын және күнделікті тұрмысқа қосқан үлесін ескереді.
Дегенмен бұл оқиғаның нақты болғанын растайтын сенімді дерек табылмады.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты