Wildberries компаниясы қазақстандық кәсіпкерлерге өтемақы төлеуді бастады
18 маусымға қараған түні Ресейдің Электросталь қаласындағы Wildberries қоймасында ірі өрт шықты. Оқиғадан кейін зардап шеккен сатушыларға, оның ішінде қазақстандық кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастады. Компанияның мәліметінше, алғашқы төлемдер ең алдымен шағын кәсіпкерлерге аударылып жатыр.
Компания мәліметінше, қазір Қазақстаннан тіркелген сатушылардың саны 120 мыңнан асады.
Компания ең алдымен шағын және қолдауды көбірек қажет ететін кәсіпкерлерге басымдық берген. Мұндай сатушылардың саны 88 мыңнан асады. Олардың айтуынша, өтемақы бір тәулік ішінде сатушылардың жеке балансына түседі.
Сонымен қатар компания тауарларды қоймадан шығару қызметінің жұмысы да алдағы бір тәулікте толық қалыпқа келетінін мәлімдеді. Қазір негізгі күш-жігер тауарларды қоймалар арасында қайта бөліп, логистикалық процестерді тұрақтандыруға бағытталған.
“Біздің басты міндетіміз – серіктестерге қолдау көрсету. Қазір барлық ұйымдастыру жұмыстары тауарларды қоймалар арасында тиімді қайта орналастыруға және кәсіпкерлердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен бірге сатып алушылардың тапсырыстарын уақытылы жеткізу де басымдықтардың бірі болып қала береді”, – деп хабарлады компания.
Компания өкілдерінің сөзінше, қолға алынған шаралар кәсіпкерлердің шығынын азайтып, платформадағы сауда процесін қысқа мерзімде қалыпты режимге қайтаруға мүмкіндік береді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады
