Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларымды ешқашан тастамаймын": Талғат Итаев жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады

Айым Сейітмет пен Талғат Итаев
Фото: Instagram.com/t.itayev

Танымал блогер әрі актриса Айым Сейітметованың күйеуі Талғат Итаев ажырасу тақырыбына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында қыздарымен сурет жариялап, жазба қалдырды. Ол өмірінде қандай жағдай болса да, балаларын ешқашан тастамайтынын жеткізді.

“Олар мен үшін әрдайым ең қымбат жандар болып қала береді”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол өзгенің өсегі немесе тұспалына сүйеніп, қорытынды жасамауға кеңес берді. Талғат Итаев бар шындықты білмей тұрып, адам туралы жаман сөз айтпауға шақырды.

Бар шындықты білмей тұрып, адам туралы жаман сөз айтудың қажеті жоқ. Мен бұл жағдайды әлі де көпшілік алдында талқылағым келмейді. Мұндай мәселелер отбасы ішінде шешіліп, сол жерде талқылануы керек деп есептеймін”, – деп жазды ол.

Талғат Итаев мәлімдеме жасады
Фото: Instagram.com/t.itayev

Еске салайық, бұған дейін блогер Айым Сейітметова ажырасуға өтініш бергені хабарланған еді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріндегі өзгерістер туралы ашық айтты. Ол жұбайы Талғат Итаевпен ажырасуға шешім қабылдап, Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш беруге барғанын көрсетті. 

Айымның сөзінше, мұндай шешімге келуіне жолдасының опасыздығы себеп болған. Ол желідегі парақшасында ерлі-зайыптылар арасындағы сенім мен сыйластық туралы жазбамен бөлісті. Сонымен қатар блогер эмоционалды опасыздықтың физикалық опасыздықтан да ауыр тиетінін, өйткені ол адамға деген сенім мен арадағы рухани байланысты бұзатынын айтты.

“Физикалық опасыздық – эмоционалды опасыздық бар кезде тек уақыттың еншісіндегі нәрсе. Жігіттер, аманаттарыңды бағалаңдар және сүйіктілеріңді ешқашан сатпаңдар”, – деді ол.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 23 Шілде, 2026 15:05
Талқылау