AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"TikTok-қа видео түсірмек болған": Шымкентте тоққа түскен қыз жайлы куәгерлер айтып берді

Шымкенттегі көпірден ток соққан қыздың бұлай жасауына біреу мәжбүрлеген болуы мүмкін. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын бастады деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Елдің үрейін ұшырған бұл жағдай бір күн Шымкент қаласындағы бұрын теміржол вокзалының жанында болған. 15 жасар мектеп оқушысы алдымен көпірдің үстіне одан кейін тартылып тұрған торға шығып тұрған жерінен күші қатты ток разряды соққан. Алған соққыдан қыз есеңгіреп қалған. Оқиға болған жерден жедел жәрдем қызметкерлері байғұс қызды зембілге салып тамызғыш дәрілердің көмегімен алып кеткен. Денесінің кейбір жерлерін сүйегіне дейін күйік шалған. Қыздың жағдайы аса ауыр күйде. 

"Денесінің 91%-ы күйіп қалған. Көргендердің айтуынша оны бір-бір жарым сағат бойы тоқ соққан, бірақ нақты ешкім айта алмайды. Оның басын, мойнын, денесін, жоғарғы және төменгі сүйектерін күйік шалған. Былайша айтқанда бүкіл денесін тоқ ұрған. Өзі не болғанын білмейді. Жарақатты қалай алғанын да айтып бере алмайды”, – дейді Орынбаева атындағы Гипербариялық оттегі орталығының бас дәрігері Мадина Ермахамбетова.

Куәгерлердің айтуынша, олар найзағайға ұқсас бір жарқыл көрген. Одан соң бір дауыс естілген. Бірақ тоқтың күшінің қаттылығынан ешкім қызға жақындап, көмек қолын соза алмаған. Алайда оқиғаның тағы бір желісі бар: онда қыздың көпірге Tik-tok әлеуметтік желісіне видео түсіру үшін шыққан дейді.

Қала тұрғыны Мөлдір Жұмақұлованың айтуынша оқиға болған күні олар сол жерде болған.

"Бізге жерде бір адам жатқандай көрінді. Барлығымыз сол жақа жүгіріп, сонда тұрдық. Көк түтін мен күлімсі иістен шыдап тұру қиын болатын. Көрген балалар, тоққа түскен қыздың оқиға орнында телефонмен жүргенін айтады. Бұл жерде смартфонмен ойнап жүретін қыз балалар көп”, – дейді ол.

Бұған дейін Шымкентте жасөспірім қызды тоқ соғып, қатты күйік алғанын айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр