Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жасөспірім қызды тоқ соғып, қатты күйік алды

Шымкентте жасөспірім қызды тоқ соғып, нәтижесінде ол қатты күйік алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.  

21 шілде сағат 23:00 шамасында Анаров көшесінің бойындағы теміржол вокзалы маңындағы көпірде төтенше жағдай болған. Теміржол көпірінің үстіндегі темір торға көтеріліп, электр тоғымен зақымданған 15-16 жас шамасындағы жасөспірім қыз Шымкент қаласындағы ауруханалардың біріне ауыр халде жатқызылды. 

Белгісіз себептермен жасөспірім қыз жоғары вольтты электр желісі өтетін көпірдің үстіндегі темір торға көтерілген.



Төтенше жағдай куәгерлері бірден дәрігерлерді, құтқарушыларды және полиция қызметкерлерін оқиға орнына шақырды. Өрт сөндіру қызметі мен полиция қызметкерлері бірігіп қызды тордан алып шықты.

Нәтижесінде күшті электр разрядынан оның киімдері толығымен жанып кетті, ал денесі күйіп қалды.

Жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ол жақын жердегі ауруханаға жіберілді. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы туралы ештеңе белгісіз. Денсаулық сақтау басқармасы кейінірек ақпарат беруге уәде берді. Тәртіп сақшылары апаттың себептерін анықтаумен айналысып жатыр. 

Талқылау