Елордадағы сауда орталығында 9 жасар баланы тоқ соқты
Елордадағы сауда үйлерінің бірінде 9 жасар баланы электр тоғы соқты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"19 мамыр күні Нұр-Сұлтан полициясына қала тұрғыны елордадағы сауда үйлерінің бірінде баласының электр тоғынан жарақаттану фактісі бойынша арызбен жүгінді. Бір күн бұрын әйелдің 9 жасар баласымен Сәтбаев көшесіндегі сауда үйіне барғаны, кенет ұлының жан айқайы шыққанын естігені анықталды. Жүгіріп жеткен ол металл күзет жүйесінің кіреберісінен баланы тоқ соққанын көрген. Бала ауруханаға жеткізіліп, дәрігер қарағаннан кейін үйіне жіберілген", - деп атап өтеді ведомстводан.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"