Суға кеткендердің санын азайту үшін: Қызылордалық құтқарушылар Сырдария бойында құрбандық шалды
Қызылордада аймақтағы суға батқандардың санын азайту үшін құтқарушылар Сырдария өзенінің бойында құрбандық шалды. Жыл басталғалы бері өзенге 17 бала батып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz порталына сілтеме жасап.

Құрбандық шалу рәсіміне Қызылорда облысының ТЖД қызметкерлері мен мешіт имамы қатысқан. Құтқарушылар рәсімді өңірдегі қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін өткізген.
Департамент басшысының орынбасары Саид Молдақараевтың сөзінше, құрбандық азаматтық қорғаныс бөлімі және Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің бастамасымен шалынған. Бұған себеп аймақтағы суға кеткендердің санының жоғары болуы. Жыл басынан бері облыстағы суқоймаларда 29 адам суға батқан, олардың 17-сі бала.
LRT құрылысы басталуына имам шақырылып, құрбандыққа қой сойылды
Құрбандыққа шалынған малдың еті мұқтаж жандарға таратып берілген.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"