Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Судандағы БАӘ елшісі резиденциясына жасалған әуе шабуылын айыптады
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінің Судандағы дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына әуе шабуылына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Reuters/Хартум
Сыртқы істер министрлігі 2024 жылғы 29 қыркүйекте Судан астанасы Хартумдағы Біріккен Араб Әмірліктері дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына жасалған әуе шабуылын қатаң айыптайтынын мәлімдеді.
“Дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санаймыз. Мұндай әрекеттер 1961 жылғы Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 22-бабында кепілдік берілген дипломатиялық өкілдіктерге қол сұғылмаушылық негізгі қағидасын бұзады және барлық қатысы бар тұлғалардың жауапкершілікке тартылуымен толық тергеу жүргізуді талап етеді”, – делінген министрлік хабарламасында.
Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі сырттай алты жылға сотталды
Айта кетейік, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрлігі Судан әуе күштерінің ұшағы Хартумдағы БАӘ елшісінің резиденциясына соққы жасалғанын хабарлаған еді.
Еске салсақ, бұған дейін Пәкістанда 12 мемлекеттің елшілері, оның ішінде Қазақстан дипломаты да бар кортежде полиция көлігін мина жарып жібергені туралы жазған едік.