Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі сырттай алты жылға сотталды
Мәскеудің Басманный соты Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийді сырттай соттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Interfax сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
Петр Врублевский орыстарға өшпенділік пен жеккөрушілік тудырды деген айыппен жалпы режимдегі колонияда алты жылға сырттай сотталды.
Жаза мерзімі Врублевскийдің Ресейде ұсталған немесе Ресей құқық қорғау органдарына тапсырылған сәтінен бастап есептеледі.
2022 жылы Қазақстандағы Украинаның сол кездегі елшісі Петр Врублевский қазақстандық блогерге берген сұхбатында украиналықтар "мүмкіндігінше көп ресейлікті өлтіруге тырысып жатыр" деп мәлімдеген. Осы мәлімдемесінен кейін ол сынға қалды.
"Біз мүмкіндігінше олардың көпшілігін өлтіруге тырысамыз. Қазір орыстарды қаншалықты көп өлтірсек, біздің балаларымызды соншалықты аз өлтіреді. Бар болғаны сол", – деген ол.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.