"Батыс саясатынан шаршадық": АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ЛГБТ қауымдастығын құттықтаған видеосынан кейін сынға ұшырады
АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі ЛГБТ қауымдастығының халықаралық құқықтары күніне орай өзінің Instagram желісінде құттықтау хабарламасын жариялады. Қазақстандықтар дипломатиялық өкілдікке қарсы шығып, наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеокадрдан алынған
Елшілік желідегі ресми парақшасында ЛГБТ қауымдастығының өкілдерін құттықтады.
"Бүгін біз гомофобияға, бифобияға және трансфобияға қарсы халықаралық күнді атап өтеміз. Бұл күні Қазақстанның және әлемдегі лесбияндық, гей, бисексуалды, трансгендерлік, интерсекс және квир (LGBTIQ+) қауымдастықтарын қолдаймыз және олармен ынтымақта боламыз. LGBTIQ+ қауымдастығын қолдайтынымызды мақтан тұтамыз және инклюзив пен алуан түрлілікке бағытталған идеясына адалдығымызды растаймыз", –делінген АҚШ кеңсесінің мәлімдемесінде.
Елшіліктің бұл үндеуіне қазақстандықтар "Елімізде мұндай құндылықтарға орын жоқ" деп көңілі көншімейтінін айтып, пікірлер екіге жарылды.
"Қазақстанда мұндай құндылықтарға орын жоқ! Біз отбасылық дәстүрлерді бағалаймыз", "Ғимаратқа LGBTQ туын ілмеңдер, мәдениетімізді құрметтеңдер", "Біздің елде өз саясаттарыңды тықпалап насихаттаудың қажеті жоқ! Бұл қауымдастықтарды қолдамаймыз! Батыстың саясатынан шаршадым", "Қазақстан ЛГБТ-ны қолдамайды", "Жыныстық артықшылық қашан халықаралық күнге айналып, әледе қолдау тауып үлгерген?!", "Өздеріңде тойлап, жетістіріп алыңдар", – деп желі қолданушылар наразылын білдірді.
Өз кезегінде пікір білдірушілер арасында елшіліктің ұстанымын қолдағандар да болды.
"Адамдардың бәрі тең құқықты туған және әркім өз тағдырын өзі қалағандай сүре алады", "Сіздерге көп рақмет, респект!", "Қазақстан Республикасының бірде-бір заңға бағынатын азаматының құқықтары мен мүдделеріне қол сұғуға болмайды", – деп кей оқырмандар пікір жазды.
Талқылау
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді