Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ЛГБТ сайты бұғатталды

Бүгін мәдениет және ақпарат министрлігі қазақстандық ЛГБТ сайтын бұғаттағаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KazFace.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
"Selftanu.kz - LGBTQ+ жасөспірімдер мен өзін түсінгісі келетіндерге арналған жоба", – деп жазылған ЛГБТ сайтының басты бетінде.
Бұл сайт пен оның мазмұны қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Олар Лгбтк+ жасөспірімдер үшін алғашқы сайт ашылған күні қазақстандықтар дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауға қарсы петиция бастады.

KazFace.kz редакциясы бұғаттаудың себебі туралы түсініктеме алу үшін ақпарат министрлігіне жүгінді.

"Интернет-ресурстағы мониторинг барысында "selftanu.kz" балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыруға байланысты заңнаманың бұзылуы анықталды.

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган балалардың психо-жас ерекшеліктерін, олардың ақпараттық ортаның, тарихи және өзге де дәстүрлердің, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің мәдени құндылықтарының теріс ықпалынан осалдығын ескере отырып, сондай-ақ балаларды тиісті тәрбиелеу және толыққанды дамыту мақсатында ЛГБТ қозғалысының идеяларын қазақстандық халық арасында тарататын интернет-ресурстарға қолжетімділікті шектеуді қажет деп санады.

"Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" заңда балаларға тыйым салынған ақпаратқа арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы, сондай-ақ балалар арасында таратуға Қазақстанның өзге де заңдарында тыйым салынған ақпарат кіретіні белгіленген.

Сондай-ақ “Бала құқықтары туралы" заңда порнографияны тарататын, балаларға зиян әсер ететін және құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану да заңмен қудаланады және оларды таратуға тыйым салынады делінген.

Осы себептер бойынша министрлік selftanu.kz интернет-ресурсына қол жеткізуді шектеу жөнінде шаралар қабылдады. 

Бұл ретте министрлік өкілі аталған сайт заңнаманы бұзушылықтарды жойған жағдайда оған қолжетімділік қалпына келтірілетінін атап өтті.

Қазақстанда жасөспірімдерге арналған алғашқы ЛГБТ сайт пайда болғанын, оған қарсы петиция жарияланғанын жазған болатынбыз.

Талқылау