Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тасқыннан соң мүлкінің бағасын көріп, өзіне қол жұмсады": Петропавлда жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Петропавлда 50 жастағы тұрғын жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды. Ол “су тасқынынан кейін қираған мүлкінің мемлекеттік бағалауын көріп, өзіне қол жұмсаған” деп, ер адам туралы қауесет таратқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Петропавлдық тұрғын жалған ақпаратты желіде таратқан. 

"13 мамырда әлеуметтік желілерде су тасқынынан болған залалды бағалағаннан кейін 47 жастағы ер адам өзіне қол жұмсады деген хабарлама таралды. Қаланың 50 жастағы тұрғынына қатысты жалған ақпаратты орналастырғаны, таратқаны үшін әкімшілік материал жиналды. Қысқартылған іс жүргізу тәртібімен оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", – деді СҚО полиция департаменті.



Ал жергілікті портал “өз-өзіне қол жұмсады” делінген ер адамның үйінде су тасқынынан кейінгі залалды бағалау тіптен жүргізілмегенін жеткізді. 

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда үйлердің бірінен 47 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау