Су тасқынына байланысты Атырау-Орал тас жолындағы үш учаскеде көлік қозғалысы шектелді
"ҚазАвтоЖол" АҚ ұлттық компаниясы су тасқыны салдарынан Атырау – Орал тас жолының үш учаскесінде қозғалыс шектелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото "ҚазАвтоЖол" АҚ
Бұл аталған жол аумағына автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.
- Атырау-Орал" км 71-179, учаске Махамбет кенті-Индер кенті жүк көлігі үшін;
- "Атырау-Орал" км 179-189, Индер кенті учаскесі-Батыс Қазақстан облысының шекарасы", - делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайына байланысты "Атырау-Орал" автожолында 189-492 км, Орал қаласы – Атырау облысының шекарасы учаскесінде жүк көлігі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, Атырауда және облыстың үш ауылына қауіп төндіруде.
19 мамыр күнгі су деңгейі Атырау облысындағы су деңгейі мынадай:
- Индербор ауылында – 6 см, су деңгейі – 1021 см, ең қауіпті деңгей – 845 см;
- Махамбет ауылындағы + 3 см, су деңгейі – 1011 см, ең қауіпті деңгей – 850 см;
- Атырау қаласындағы +4 см, су деңгейі – 570 см, ең қауіпті деңгей – 550 см;
- Жаңаталап ауылындағы +2 см, су деңгейі – 412 см, ең қауіпті деңгей – 500 см;
- Еркінқала ауылындағы +2 см, су деңгейі – 370 см, ең қауіпті деңгей – 450 см.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"