Су тасқыны салдарынан республикалық маңызы бар 14 автожол жабылды
“ҚазАвтоЖол” 7 облыстағы бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарды су басып қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz
“2024 жылғы 8 сәуірдегі сағат 07:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) жалпы ұзындығы 3206 метр 6 автожол су астында қалды”, – делінген хабарламада.
7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар ұзындығы 679 шақырым 14 автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Қазір республикалық жолдарда 305 бірлік техника мен 357 адам жұмылдырылды.
Бұған дейін Атырау облысында су тасқыны кезінде екі адам опат болған еді.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған