Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында су тасқыны кезінде екі адам опат болды

Атырау облысындағы Құлсары қаласында құтқарушылар екі ер адамның мәйітін тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

құлсары

Ер адамдардың мәйіті 7 сәуірде 11:00 шамасында табылған.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 6 сәуірде Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге  рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда, жолдан шығып аударылған. Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай қаласында Тобыл өзені арнасынан асып, саяжайлар мен супермаркетті су басқан еді.

Қала басшысы Марат Жүндібаев Қостанай су ең жоғарғы деңгейіне жеткенін айтты. Дегенмен су азаяды деуге әлі ерте дейді. 

"Үш саяжай бірлестігі, теннис орталығы. Демалыс орны мен "Апельсин" сауда үйі су астында қалды. "Колесный ряд" ауданында 6-7 көше эвакуаляианды. Барлығы 745 қарап эвакуацияланып, 31 эвакопункте жеткізілді. 80 үйді су басты, зардап шеккендер жоқ", – деді қала басшысы. 

Талқылау