Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Студент қыз түнгі клубта секспен айналысқан видеосы тарап кеткен соң оқудан шығуға арыз түсірді

Ресейде Кузьма Минин атындағы педагогикалық университеттің бірінші курс студенті желіде өзінің қатысуымен болған секс видеосының пайда болуынан кейін оқудан шығуға арыз түсірген.

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Бұған дейін интернетте түнгі клубтағы би алаңдарының бірінде қыз бен жігіттің жыныстық қатынасқа түскен видеосы пайда болған еді. Кейін қыздың орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығында оқитыны, ал жігіттің ІІМ академиясында білім алатыны анықталды.

Қазіргі уақытта екі оқу орны мен құқық қорғау органдары болған оқиғаға қатысты “қоғамдық орында тәртіп бұзу” бабы бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.

Түнгі клубтың ішіне орнатылған бақылау камерасы ыңғайсыз жағдайды таспаға басып алған. Онда масайып қалған қыз, ер адамның қасында ерсі әрекет жасайды.

Жіберіп алмаңыз:

Францияда баласына Жиһад деген есім берген ата-ана сотта жауап бермек

Шешенстанда офицер өзінің төрт жолдасын атып тастады

Америкалық көріпкел түсінде Үшінші дүниежүзілік соғыстың қашан болатынын көрген

Әкесі өзі 12 жыл бұрын өлтірген қызының мәйітін қапқа салып полицияға келді

Талқылау