Степногорсктегі ЖЭО-де апат болып, тұрғындар жылу мен жарықсыз қалды
Степногорск жылу электр станциясында апат болып, қала тұрғындары жылу мен электр қуатынсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
10 ақпан сағат 13:27-де 220кВ КЕГОК желісі бойынша электр қуаты үзілген. Бірақ 14: 07-де электр энергиясын беру қалпына келтірілді.
“14:15-те бесінші энергетикалық қазандық пен су жылыту қазандығын жағу басталды, 14:20-да жылу трассасында айналымды қалпына келтіру үшін желілік сорғы іске қосылды, "Степногорск Теплотранзит" ЖШС сорғыларды іске қосады", – делінген Ақмола облысы әкімдігінің хабарламасында.
Энергетика министрлігінің атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жағдай бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
Ведомство KEGOC АҚ электр желісінің істен шығуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын беруді төмендеткенін айтты. Бұл ретте ЖЭО-да технологиялық бұзушылықтар жоқ.
"Қазіргі уақытта ЖЭО-ны электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, жылу желісінің температурасын көтеру жұмыстары басталды. Тұтынушыларды жылумен жабдықтаудың бұзылуын болдырмау үшін желілік су айналымы ұйымдастырылды", – деп атап өтті министрлік.