Субсидия алып, сол ақшаға үй сатып алған: БҚО-да 250 миллион теңгелік схема әшкереленді
Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражатты жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті өз бақылауындағы "Агрокомплекс АРСЕН" және "ОнегеАгрооСервис" ЖШС-лары арқылы мемлекеттен инвестициялық субсидия алған. Қаражат Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған суару жүйелерін салуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін бөлінген.
Алайда тергеушілерге ұсынылған құжаттардың жалған екені анықталған. Атап айтқанда, күдікті шығындарды растау мақсатында жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыстар туралы актілерді пайдаланған.
Осы құжаттардың негізінде екі серіктестіктің есепшотына жалпы сомасы 251 миллион теңге субсидия аударылған. Кейін ақша қолма-қол ақшаға айналдырылып, оның бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған.
Сот шешімімен аталған үйге тыйым салынды.
Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Бұған дейін Шымкентте 12 кәсіпорын сүт өндірмесе де мемлекеттен 5 миллиард теңге субсидия алғаны туралы жазған едік. Тексеру барысында 12 кәсіпорынның сүт және сүт өнімдерін тек құжат жүзінде ғана өндіргені анықталған. Іс жүзінде олар ешқандай өнім шығармағанымен, мемлекеттік субсидия алу үшін жалған құжаттар рәсімдеген. Осылайша кәсіпкерлер жалпы көлемі 5 миллмард теңге бюджет қаражатын алған.
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды
