Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында полицей көз жұмған адамның телефонынан 40 мыңға теңге ұрлаймын деп бәлеге қалды

Степногорск қалалық сотында жергілікті полиция басқармасының 34 жастағы қызметкері Ермек Рамазановтың үстінен қылмыстық іс қаралуда. Полицейге 38 606 теңге ұрлады деген айып тағылып отыр. Бұл ақша жұмыс орнында кенеттен көз жұмған 65 жастағы автомобиль шеберханасының қызметкерінен жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап. 

2021 жылдың 8 қарашасында "Қамқор" СТО қызметкері Борис Астафьевтің жүрегі соқпай қалды. 2021 жылдың 8 қарашасында оқиға орын алған жерге полиция шақыртылған. Тергеу-жедел тобының құрамында анықтаушы Рамазанов та болған. Туыстарына хабарлау үшін ол марқұмның телефонын пайдаланған. Кейін криминалистке смартфонның жоғалып кетуі мүмкін екенін айтып, өзімен бірге алып кетуін өтінген. 

Содан кейін, тергеу мәліметтері бойынша, анықтаушы Астафьевтің банктік шотындағы ақшаны ұрлау бойынша жоспар құрған. Ол көз жұмған ер адамның смартфонындағы қосымшаға кіріп, 38 606 теңге жатқанын көрген. Осыдан кейін Рамазанов әріптестеріне бұл ақшаны Астафьевтің әйелі жұбайын жерлеу шығындарына жұмсауы үшін, шешіп беруді сұраған. 

Полицейлер оның айтқанына алданып, ақшаны карталардың біріне аударуға келісіп, Ермекке 40 мың теңге қолма-қол ақша береді. Рамазанов бүкіл соманы өз қажеттілігіне жаратып үлгереді.  



Бірақ Астафьевтің қызы ақшаның жоғалып кеткенін біліп қояды. Осылайша қысқа ғана тергеуден кейін ақшаны анықтаушының ұрлағаны белгілі болды. Тергеу оның әрекеттерін “ақпараттық жүйеге заңсыз кіріп, телекоммуникация желілері арқылы берілетін ақпаратты өзгерту арқылы жасалған ұрлық” деп атады. Бұл қылмысты жасағаны үшін полицейге 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл, 1200 сағатқа дейінгі түзеу жұмыстары немесе мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы күтіп тұр. 

Еске сала кетейік, көз жұмған қазақстандықтардың банк картасынан ақшаның жоғалып кетуі бірінші болып тұрған оқиға емес. Жақында Алматыда өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмған 22 жастағы Мадина Мұқашеваның да 960 мың теңгесі жоғалып кеткен болатын. Оның смартфоны осы уақытта Әуезов ауданының полиция басқармасында болған. Ұрлық жасады деп айыпталған тергеуші немқұрайлылық танытқаны үшін ғана кінәлі деп танылды. Алайда ақшаның жоғалуына қатысы бары дәлелденбеді. 

Талқылау