"Сотталушыдан пара алған": Таразда судья Өтешова үш жылға бас бостандығынан айырылды
Тараз соты судья Фариза Өтешованы кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйел сот залында қамауға алынды.
Бұған дейін Тараз қаласының №2 сотының судьясы Фариза Өтешованы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ұстағаны белгілі болған. Ол сотталушыдан 2 миллион теңге алды деген күдікке іліккен. Өтешоваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі "Пара алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
- "Адам өлсе де, 4,5 жыл берген, екі адам жазасыз қалған": Жамбыл облысында пышақ жарақатынан көз жұмған жігіттің қарындасы әділдік сұрайды
- Украинаға қарсы соғысқа қатысқан қарағандылық ер адамға сот үкімі шықты
Судья мас күйінде рөлге отырып, жол апатына себепкер болған көлік иесінен ақша алды деп айыпталды.
Бұл ақша сотталушыны жүргізуші куәлігінен айырмау туралы сот шешімі үшін сыйақы ретінде тағайындалған.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”