"Бір айда 1 миллионнан астам": Сотта Бишімбаевтың Салтанат Нүкеноваға қанша ақша аударғаны белгілі болды
Сот Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың Kaspi шотына түскен аударымдар мен төлемдерді жария етті. Шотқа Бақытжан Байжановтан қомақты қаржы түсіп отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жоғарғы сот және желіден
Бишімбаевтың Салтанат Нүкеноваға да жиі аударым жасап отырғаны белгілі болды.
“Төлемдер, төлем жасағаны туралы чектер көрсетілген. 19 қазанда Салтанат Нүкеноваға 500 мың теңге аударған. 18 қазан күні Нүкеноваға 900 мың теңге аударған. 17 қазан күні Бақытжан Байжановтан 360 мың теңге ақша түскен. 14 қазанда Салтанатқа 250 мың теңге аударған. 10 қазан күні Байжановтан 310 мың және 360 мың теңге көлемінде ақша түскен. 2 қазан күні Байжанов Бишімбаевқа 360 мың, 30 қыркүйекте 370 мың теңге аударып, “1-і күні беретін аренданың ақшасы” деп жазба қалдырған. Сол күні тағы 50 мың теңге ақша аударған”, – дейді сот Айжан Құлбаева.
Экс-министр Салтанатқа 50 мың, 250 мың теңге көлемінде бірнеше рет ақша аударған.
“23 қыркүйек күні Нүкеноваға 500 мың теңге аударған. 16 қыркүйекте 1 миллион 500 мың теңге аударым жасаған. 7 қыркүйек күні Салтанатқа 100 мың теңге аударған. 2 қыркүйекте тағы 100 мың теңгеден екі аударым жасаған.
9 қыркүйекте Байжанов Бишиімбаевтың шотына “Екі пәтердің ақшасы” деп 360 мың теңге аударған. Кейін “Алматыдағы бір пәтердің жалға алынған ақшасы” деп 360 мың теңге тағы аударған. 1 қыркүйекте Байжанов шотқа 1 миллион теңге салады. Осылай аударымдар мен толықтырулар жалғаса береді.
Мысалы, маусым айында Байжанов Бишімбаевтың шотын 5 980 000 теңгемен толықтырса, Бишімбаев маусым айында Салтанат Нүкеноваға 1 470 000 теңге аударған.
Бұған дейін Бишімбаевтың психологқа нарцистік мінез-құлқы барын мойындағаны туралы жазған едік.