Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су басқан жерлерден ақпарат таратуға тыйым салған билікті сынаған қазақстандық журналист жауапқа тартылды

Сәуірдің 30-ы күні Орал қаласының әкімшілік соты "Жай ғана журналистика" жобасының бірлескен авторы журналист Рауль Упоровқа "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Азаттық радиосына” сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Журналистің ісі бойынша сот отырысы бүгін түскі сағат үште басталды.

Сот сізді ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 20 АЕК (73 840 теңге) әкімшілік айыппұл салды”, – деді сот.

Журналист Упоров өзіне "Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің атына дөрекі сөйлегені" үшін айыппұл салынғанын айтады.

Сондай-ақ сот Орал қалалық ІІБ басшылығына қатысты жеке ұйғарым шығарды, себебі сот хаттамаларды дайындау және істі жүргізу кезінде полицейлердің заң бұзушылықтарын анықтады. Сот аяқталғаннан кейін журналист сот үкіміне шағымданатынын айтты. 

Бір күн бұрын оралдық журналист Раул Упоровты полицияға хаттама толтыру үшін екі рет шақырған. 22 сәуірде жергілікті полиция қызметкері журналистің үйіне келіп, жауап алу актісін толтырғаны белгілі болды. 

“Билікке тәртіпке бағынатын тіл алғыш журналистер керек. Енді журналистердің су тасқыны аймағында болуға тыйым салынды және ол жаққа дрон жіберуге де болмайдв. Ақпаратты тек бір көзден – Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен ала аласыз”, – деп пікір білдірді  Рауль Упоров.

Талқылау