Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Құлыбаевқа тиесілі компанияны Іле-Алатау ұлттық саябағынан шығарып, туристік аймақта орналасқан зәулім үйді бұзуға үкім шығарды

Олигарх, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың компаниясы Іле-Алатау ұлттық саябағынан шығарылды. Сот сондай-ақ осы аймақта орналасқан зәулім сарайды бұзуға үкім шығарды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Иле Алатау

Бұған дейін Іле-Алатау ұлттық паркі Құлыбаевқа тиесілі "Кипрос" компаниясын сотқа бергені белгілі болған. Олар жер учаскесін қайтарып, БАО маңындағы Ұлттық саябақта орналасқан үйдің бұзылғанын қалайды. Себебі бұл жер туристік мақсатта пайдаланылуы керек еді, бірақ іс жүзінде жеке мақсатта қолданылған.

Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кәсіпкер Тимур Құлыбаевқа тиесілі компанияға қатысты істі қарады. Сот материалдарына сәйкес, 2018 жылдың 13 қарашасында "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі мен "Кипрос" ЖШС арасында келісімшарт жасалған. Соған сәйкес, "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында туристік кешен салуға" және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін жер учаскесі компанияға 2062 жылдың 22 қазанына дейінгі уақытқа жалға берілген.



Ол жерде "Южная" туристік базасы салынған. Келісімшарт бойынша "Кипрос" ЖШС ол жерде туристерді қабылдауы қажет болған.

Ұлттық табиғи паркі сотқа жүгініп, РММ мен ЖШС арасындағы келісімді бұзуды; 1,1 гектар жерді қайтаруды; "Кипрос" ЖШС коттеджі өз қаражатына бұзуын сұрады. Талап арызда компанияның ерекше қорғалатын аумақ туралы қолданыстағы заңнаманың талаптары, сондай-ақ жер учаскесін жалға алудың шарт талаптары сақталмай отырғанына сүйенген. Ал ол жерді жеке мақсатта пайдаланатын коттедж орналасқан.

Сот шешімімен "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің талап арызы қанағаттандырылды. Осылайша РММ мен "Кипрос" ЖШС арасындағы 2018 жылдың 13 қарашадағы келісімінің күші жойылды. "Кипрос" компаниясы ұлттық парк аумағындағы жерді қайтарып, өз қаражатына коттеджді бұзады. Сондай-ақ қоқысты парк аумағынан шығаруға міндетті.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, тараптар апелляциялық шағым түсіруге құқылы.

Талқылау