Тимур Құлыбаев KazEnergy төрағасы қызметінен кетті
Олигарх, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев KazEnergy қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мырзағалиев сайланды. Бұл шешім 8 қарашада Алматы қаласында өткен "KAZENERGY" Кеңесінің отырысында қабылданды”, – делінген жұма күні тараған ақпаратта.
- Қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторы атанды
- Qazaqstan Steel Group бұрынғы ArcelorMittal Temirtau нысандарының инвесторы болды
Сонымен қоса қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық жұмыс болып есептеледі, оған жалақы төлеу қарастырылмағаны атап өтіледі.
Тимур Құлыбаев 2005 жылдың қараша айынан бастап KazEnergy компаниясының басшысы болды. Қауымдастықтың өзі 2005 жылдың 2 қарашасында мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында құрылған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
