Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соңына дейін күрестік": Айдана Меденова әкесі жайлы естелігімен бөлісті

Бірер күн бұрын әкесінен айырылып қалған Айдана Меденова желіде жантебірентерлік жазба жариялады. Ол әкесімен бірге соңына дейін күрескенін, жақсылықтан үміттенгенін жеткізді. Күні кеше әкесін соңғы сапарға шығарып салған әнші ол туралы жылы естеліктерімен де бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әкем екеуміз соңына дейін ғажайыпқа сендік. Басқалардың салы суға кеткенде де, екеуміз күрестік, үміттендік, бірақ Жаратқанның жоспары қашан да біздікінен жақсы. Әкемнің алдынан Жаннаттың есіктері ашылатынына шынайы сенемін. Ол бұл өмірді лайықты сүрді", - деді Меденова. 

Әнші әкесінің өмірі үшін күрескен барша дәрігерлерге, оның күтіміне бей-жай қарамаған медбикелерге алғысын білдірді. Сондай-ақ, әкесін соңғы сапарға шығарып салған әнші ол туралы естелігімен де бөлісті. 



"Ол әрқашан менің естеліктерімде өмір сүреді. Өзі қандай мейірімді болса, менің де есімде сондай болып қалмақ... Сенсеңіздер, өмірінде маған ұрысқанын есіме түсіре алмадым. Мен оның кішкентай ханшайымы, еркесі едім. Өмір үшін, махаббат үшін рахмет, әке!" - деп түйіндеді сөзін Меденова. 

Айта кетейік, біраз уақыт бойы сырқаттанып, ауруханада жатқан Айдананың әкесі бірер күн бұрын қайтыс болды
 
 

Талқылау