Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденованың әкесі өмірден өтті

Айдана Меденованың әкесі мәңгілік бақиға аттанды. Әншінің отбасы қара жамылды. 

Бұл туралы “Кешью” тобының желідегі ресми парақшасында мәлім болды.

“Еділбек аға жатқан жеріңіз жайлы болсын. Алла тағалаға жақсы адамдар керек екен”, – делінген жазбада. 

Желі қолданушылары қайырлы болсын десіп, басу айтып жатыр.

“Алдынан жарылқасын, жаны жәннатта болсын”, “Балаларына сабыр берсін”, “Иманы жолдас болсын! Алла алдынан жарылқасын!”, “Иманы саламат болсын”, “Қиын болған екен”, Артынан қалған бала-шағасына сабырлық берсін, “Сабырлық тілеймін, бәрі Алланың қалауымен”, “Жақсы адам еді”, “Иманы жолда болсын, жеңілдігін берсін”, “Мықты болыңыздар, тас түскен жеріне ауыр”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Бұған дейін әнші Айдана Меденова басынан өткен ауыр жайтты баяндады. Әнші әкесінің қатты ауырып қалғанын жеткізді. Сөзіне қарағанда, ауыр халде жатқан әкесін ауруханадағылар үйге алып кетуді талап еткен. Ал өзге медициналық мекемелер қабылдаудан бас тартқан.

"Анамыз қайтқаннан кейін, әкем қатты күйзеліп, түрлі ауруларға шалдықты. Қант диабеті, қан қысымы. Салдарынан 6 жыл бұрын инсульт алып қалды. Әкем жадын жоғалтып, сөйлей алмай, сал болып қалды. Дәрігерлер мұндай қан құйылған жағдайда науқастардың 99 пайызы өліп қалады, деді", – деп еске алды Меденова.


Талқылау