"Соңғы нүктені президент қоймаса, мына министрден қайыр жоқ": Журналист 42500 теңгенің мәселесін көтерді
Елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталғанымен, жәрдемақы мәселесі әлі көптің көкейінде. Алуы тиіс жәрдемақымыз қолымызға жетпеді деп зар қаққан халықтың саны көп. Бұлж жайлы отандық журналист Мәулен Әлғазы желіде жазба қалдырды.
"ТЖ аяқталды. Карантин аяқталмады. Министрлік ТЖ байланысты табысынан айырылған жандар 15-сәуірге дейін өтініш тапсырған болса екі айдың да ақшасын алады деп хабарлаған. Ок, көндік.
Одан бөлек Министр Б.Нұрымбетов екінші рет өтініш тапсырудың қажеті жоқ, біз сіздерді танимыз, береміз деген болатын эфирде.
Осы уәделерге қарамастан ереже тағы орындалмай, көп адам заңды түрде екінші мәрте алуы тиіс қаржыға қолы жетпей, отказ алуда.
Ол аз десеңіз, ақша тағайындалғандардың да көбі әлі ала алмай жүр. Себеп, IBAN қате. Оны дұрыстау үшін смс жібереміз дейді де, не оны жібермейді. 1411 күт деп ұрсады немесе ГЦВП бөлімшесіне сілтейді. Ондағылар білмейміз деп құтылады", - деп жазды ол.
Журналистің пайымынша, оператор жоқ құжатты сұрайды. Жүйе өтініштен негізсіз бас тартады.
"Отказ себебін ешкім түсіндіре алмайды. 1411 хабарласса табысыңыздан айырылғаныңызды растаңыз деп жаттанды сөзбен өмірде жоқ құжатты сұрайды.
IBAN нөмірін он тексеріп, дұрыстап жібергенінде де осы проблема. Жаппай IBAN қате дей беретіндей бүкіл жұрт сауатсыз емес шығар?!Қате бәлкім IBAN-да емес, өз жүйелерінде шығар? Ақша тағайындалғаны да, тағайындалмағаны да әбден тозып бітті.
ТЖ бітсе де 42500 дауы әлі бітер емес. Соңғы нүктені президент қоймаса, мына министрден қайыр жоқ. Түсініксіз, бұл әлеуметті қорғайтын министрлік пе, қорлайтын министрлік пе?", - деді Мәулен Әлғазы.
Журналист Тоқаев жайлы: Қазақты тар заманнан тартып шығаратын текті еркек осы болса екен