Солтүстік Корея Шығыс/Жапон теңізіне қарай баллистикалық ракеталар ұшырды
30 тамызда кешкі уақытта Солтүстік Корея екі баллистикалық ракета ұшырды. Зымырандан Жапонияның экономикалық аумағының сыртына түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NHK телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жапонияның қорғаныс министрлігі ракеталардың ұшу уақытының арасы 10 минуттан болғанын мәлімдеді. Олар 50 шақырым биіктікке көтеріліп, 350-400 шақырым қашықтықты кесіп өткен.
Ракета ұшыру салдарынан зардап шеккендер жайлы хабар жоқ.
Оңтүстік Корея штабтар басшылығының біріккен комитеті де Шығыс/Жапон теңізіне қарай баллистикалық ракеталардың ұшырылғанын растап отыр.
Жапонияның қорғаныс министрлігі мәліметінше Солтүстік Корея бұл әрекеті арқылы Америка-Оңтүстік Корея біріккен оқу-жаттығуына деген қарсылығын көрсеткен. Айта кетері, оқу-жаттығулар 21-31 тамыз аралығында өтеді.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді