AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда жұмыс уақытында ішімдік ішіп, кафеде шу шығарған қос шенеунік жұмыстан қуылды

Солтүстік Қазақстан облысының шенеуніктері Есіл өңірінің кафелерінің бірінде көңіл көтеру уақытында өздерін өте дөрекі ұстаған. Мекеменің даяшысы полицейлерге қоңырау шалуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Петропавловск News" сайтына сілтеме жасап.

СКО шенеуник скринш

Солтүстік Қазақстан облысы ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекция бастығының орынбасары Сергей Калякин мен сол департаменттің Есіл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Таңатар Айқожаев кафеде шу шығарып, ыдыстарды сындырған. Медициналық сараптама олардың орташа дәрежеде алкогольдік мас күйде болғанын көрсетті.

Әдеп жөніндегі кеңесте шенеуніктердің ветеринарлық шараларды жүргізу үшін іссапарға жіберілгені анықталды. 

Сергей Калякин әдеп жөніндегі кеңесте мінез-құлқын ескерместен жай ғана қызметінен босатылды. Сондықтан біраз уақыттан кейін ол қайтадан мемлекеттік қызметке жұмысқа орналаса алады. Ал Таңатар Айқожаевтың ісі егжей-тегжейлі қаралды.

Кеңесте айтылған пікірлердің көпшілігі Айхожаевты қорғауға арналды. Оған мүмкіндік беру ұсынылып: жұмыстан шығару емес, қатаң сөгіспен ғана шектелу.



"Айхожаев кафеде жалғыз емес, басшылықпен Сергей Калякинмен бірге болды. Кафеде алкогольді ішу фактісінің өзі этиканы бұзуға жатпайды. Бізде бүкіл республика бойынша мемлекеттік қызметкерлер кафеде ішуге болмайды деген ой қалыптасқан, олай бола қалса бұл бірден заң бұзушылық болып саналады. Мен бұған үзілді-кесілді қарсымын. Оның ыдыстарды сындырғанына дәлел жоқ. Кафеге жұмыс уақытында кеткен, бірақ басшылықтың қысымымен болуы мүмкін. Адам он жылда бір рет жаза басты, ал біз оны бірден жұмыстан шығарғымыз келеді", – деді Кеңес мүшесі Инесса Қуанова.

Бірақ соған қарамастан Әдеп жөніндегі кеңес ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Есіл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Таңатар Айқожаевты қызметінен босатуды ұсынды.

"Егер жауапкершілікті ауырлататын жағдайларды ескере отырып қарастыратын болсақ – жұмыс уақытында алкогольді ішу және қоғамдық орында алкогольдік мас күйде болу – Айхожаевты жұмыстан босату бойынша айыптауға болады. Бірақ оны кішігірім құқық бұзушылық деп санауға болады, өйткені оның тәртіптік жазасы жоқ және ескерту немесе қатаң сөгіспен жазаланбаған. Ал егер барлық мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытында ішінде алкогольді ішімдік ішкісі келсе ше? Біз өз кезегімізде кадр жоқ деп бұған көзімізді жұма берсек не болады? Ертең бұл біздің басымызға таяқ болып тиеді!" – деп түсіндірді Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Елена Степаненко.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр