Бір отбасы уланып, екі бала көз жұмған: СҚО-дағы дүкенде сатылған тағамдарда стафилококк бактериясы анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында тамақтан уланып, екі баласы көз жұмған отбасыны тексеру кезінде стафилококк бактериясы анқыталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау ұйымының мәліметінше, отбасы тұтынған мұздатылған жартылай фабрикаттардан: тұшпара, мұздатылған ет пен шикі шошқа майынан стафилококк бактериясы табылған.
"Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша азық-түлік өнімдерінде (мұздатылған жартылай фабрикаттар - тұшпара, мұздатылған ет, солянка, шошқа етінің шикі майы) стафилококк, шартты флора және мезофильді аэробты, факультативті анаэробты микроорганизмдер анықталды", – делінген хабарламада.
Астанада бәліш жеген 16 бала уланып қалды: Дайындаушыда арнайы рұқсат болмаған
Сондай-ақ үйдегі ауыз су да талапқа сай емес екені анықталды.Үйдің жертөлесіндегі көмірқышқыл газының шекті концентрациясы рұқсат етілген мөлшерден алты еседен асып кеткен.
Тергеу жалғасуда.
Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда дүкеннен алынған тұшпарадан бір отбасы уланып, екі бала көз жұмғаны туралы жазған едік.