Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында құны 26,7 миллиард теңге болатын "Теке" көлі мемлекетке қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kk.wikipedia.org

"2020 жылы ас тұзын өндеуге арналған келісімшарт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыға жалпы ауданы 21,5 мыңга Теке көлін бергені анықталды. Дегенмен, 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына қарамастан, уәкілетті орган жер кодексінің талаптарына қайшы, екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты бұзу жөнінде шаралар қабылдамаған. Бұл су қорының жерлерін мақсатсыз пайдалануға әкелді", – делінген бас прокуратураның хабарламасында.

Бұдан басқа, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекстің талаптарына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектісі құзыретті органның ресми сайтында жер қойнауын пайдаланушылардың тізілімінен алынбаған.

"Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қабылданған шараларымен жер учаскесін жалдау шарты сотқа дейінгі тәртіппен біржақты бұзылды. Кадастрлық құны 26,7 миллиард теңге болатын жалпы ауданы 21,5 мың гектар ащы-тұзды Теке көлі мемлекеттік меншікке қайтарылды. Құзыретті органның интернет-ресурстарындағы мәліметтер сәйкестендірілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды", – делінген хабарламада.

Мемлекет мүдделерін қорғау мәселелері Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ерекше бақылауында.



Еске салайық, бұған дейін Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне стадион мен оқу корпусы қайтарылғанын жаздық. Горький саябағының аумағында орналасқан 5 гектар спорт нысаны бұрын жеке тұлғаларға заңсыз берілгені сотта дәлелденді. 

Талқылау