Қазақстан билігі өткен жылы Құлыбаевтың бақылауындағы компаниядан 54 нысанды тартып алған
2024 жылы мемлекет бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы олигарх Тимур Құлыбаевтың бақылауындағы "ТЭК-Қазақстан" компаниясынан "Кипрос" ЖШС және "Joint Technologies" ЖШС арқылы 54 нысанды тартып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kfb.kz
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, былтыр бұрын заңсыз алынған бірқатар активтер мемлекетке қайтарылды.
“Осылайша, ТЭК-Қазақстанның 54 нысанын, отын қоймаларын, ғимараттар мен құрылыстарды, негізгі қорлардың басқа топтарын мемлекет меншігіне беру аяқталды. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының мүлкі багаж терминалы мен жер учаскесі қайтарылды”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан, құны 66 миллион доллар (29,5 миллиард теңге), ауданы 134 гектар мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылғаны туралы жазған едік. Ол Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі болған.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан